IT Community 2 - шаблон joomla Новости
Добро пожаловать, Гость
Логин: Пароль: Запомнить меня

ТЕМА: Сабақ құрылымын талдау

Сабақ құрылымын талдау 4 мес. 2 нед. назад #2337

І Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесіп, «Гүл шоғындағы ыстық лебіз» тренингі арқылы сыныпта жағымды ынтымақтастық ахуал туғызуға бағыттаймын.
Қағаздарға жазылған сөздер арқылы топтарға бөлу:
1-топ: «Зерде»
2-топ: «Ақыл»
3-топ: «Парасат»

ІІ Үй тапсырмасын сұрау.
Өткен тақырып бойынша оқушылар білімін «Миналы алқап» әдісі бойынша тексеремін.
1.Жырау дегеніміз кім? Оған қандай қасиеттер тән?
2. «Айналайын, Ақ Жайық» толғауының ерекшелігі неде?
3. Ақын нені армандады?
4. Жырау толғауындағы Ақ Жайық пен қазіргі Ақ Жайықтың келбетін салыстыр.
«Жұлдызша» тағу арқылы оқушылардың оқуын қолдаймын.

Қалыптастырушы бағалау: «Соңғы сөзді мен айтайын» әдісі арқылы оқушылар бір-бірін өзара бағалайды.
Кері байланыс: Өткен тақырып бойынша қиындық туғызған сұрақтар бар ма?

ІІІ. Жаңа тақырып:
1.Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру. Бағалау критерийлерін талқылау, келісу.
2.Әдеби-теориялық тақырыпты түсіндіру. Сыныппен жұмыс.
«Түртіп алу» әдісі арқылы мұғалімді тыңдап, қажетті мәліметті немесе сұрақтарын жазып отырады.

Өлең дегеніміз – белгілі бір өлшеммен, үйлесімді ырғақпен ұйқасып келетін поэзиялық жанр түрі.Өлеңнің құрылымдық жүйесі тармақтардан, яғни өлең жолдарынан, тармақ бунақтардан тұрады. Бунақ – өлең тармағының ырғақтық құрылысы жағынан жекеленген бір бөлшегін құрайтын буындар тобы, сөз өлшемі, ырғақтық кідіріс.Тармақтардың соңғы бунақтары үндесіп келіп, өлең ұйқасына әсер етеді. Бұлардың барлығы жеке жүйе құрап, өлеңнің шумағы деп аталады.
Мысалы, Абайдың:
Құлақтан кіріп, // бойды алар,
Жақсы ән мен // тәтті күй.
Көңілге түрлі // ой салар,
Әнді сүйсең, // менше сүй.
Дүние ойден шығады,
Өзімді өзім // ұмытып.
Көңілім әнді // ұғады,
Жүрегім бойды // жылытып, –
деген өлеңін алатын болсақ, бұл үзінді сегіз өлең жолынан, яғни сегіз тармақтан құралған. Әр тармақ екі бунақтан құралғандығын көреміз Өлеңнің бірінші, үшінші және екінші, төртінші тармақтарының соңғы бунақтары бір-бірімен үндесіп, ұйқас құрап тұр. Барлығы өлеңнің шумағын құрайды. Ал бесінші, жетінші және алтыншы, сегізінші тармақтары өзара ұйқаса келіп, келесі шумақты құрап тұр.
«Қазақ әдебиеті» анықтамалығынан.



Қалыптастырушы бағалау: «Сол қол/оң қол » әдісі арқылы өзін-өзі бағалау.
Кері байланыс: Жаңа тақырып бойынша сұрақтарың бар ма?

1. Ой шақыру. Сыныппен жұмыс.
«Кинометафора» әдісі бойынша А.Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы бейнесюжет көрсетіледі.
«Сұрақты қағып» әдісі бойынша мұғалім оқушыларға сұрақ қояды:
1.Абай қашан, қандай отбасында дүниеге келген?
2. Абайдың балалық шағы туралы не білесіңдер?
3.Абай қайда білім алған?
4.Болашақ ақын қай кезден бастап өлең шығара бастаған?

Қалыптастырушы бағалау: Мұғалімнің мадақтау сөзі.


4.Оқылым/айтылым. Жеке жұмыс.
Оқушылар А.Құнанбайұлының «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңін түсініп оқиды.
Саралау. Қабілеті төмен оқушыларға ресурстық қолдау көрсетіледі: жаңа сөздер мен сөз тіркестеріне қатысты ақпараттар ұсынылады.
Қабілеті жоғары оқушылар тапсырма бойынша сараланады: тірек ұғымдар мен оларға астарлы ойды анықтайды.

Сөздікпен жұмыс. Жұптық жұмыс.
Жаңа сабақ бойынша терминдер мен жаңа сөздерді «Сөздік кестеге» толтырады.

Сөз Біздің анықтама Сөздіктегі анықтама Сөйлем
Әзірет Әлі Адам есімі, өлең кейіпкері Мұхаммед пайғамбардың күйеу баласы, Алланың шері, төрт шадиярдың бірі
Әзірет Әлі Алла елшісінің аманатын орындады.



«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі бойынша жеке идеялары мен сұрақтарын құрастырады, жұбымен бөліседі, одан әрі топ ішінде талқылайды, қорытынды шешім ұсынады. Өлең мазмұны бойынша әр топ жеке шығармашылық жұмыс ұсынады:
1-топ: Өлеңнің жанрын анықтайды.
2-топ: Өлеңнің фабуласын ажыратады.
3-топ: Өлеңнің сюжеттік ерекшелігін әңгімелейді.

Қалыптастырушы бағалау: «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша топтар бірін-бірі бағалайды.
Саралау. Оқушыларға оқу ортасы бойынша саралау жүргізіледі, яғни жақсы оқитын оқушы мен нашар оқитын оқушы жұптасады.

Айтылым. Топтық жұмыс.
Өлеңнің негізгі идеясы бойынша топтар ашық сұрақтар құрастырып, «Конверттегі сұрақ» әдісі бойынша бір-біріне сұрақтар қояды және жауап береді:
1-топ: Абай үшін өлең жазу нені білдіреді? Қандай мақсатпен өлең жазды?
2-топ: Абай өлеңіндегі жағымды және жағымсыз қасиеттерді салыстырыңдар.
3-топ:
Абайдың:
Өлеңі бар өнерлі, інім, сізге
Жалынамын, мұндай сөз айтпа бізге.
Өзге түгіл өзіңе пайдасы жоқ,
Есіл өнер қор болып, кетер түзге», - деуінің сырын түсіндіріңдер.

Қалыптастырушы бағалау:
Дескрипторлар арқылы топтар бірін-бірі бағалайды:
1. Өлең мазмұны бойынша автор идеясын анықтайды.
2. Өлеңде көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселе бойынша ашық сұрақтар құрастырады.
3. Өлеңнің негізгі идеясы бойынша сұрақтарға жауап береді.

Кері байланыс: Өлеңдегі автор идеясын анықтау қаншалықты қиын болды?

IV.Қорытынды: Абай өлеңдерінен өз бойларыңа қандай жақсы қасиеттерді сіңірдіңдер? Ақынның жастарға айтпақ ойын бір сөзбен түйіндеп көрейік. Оқушылар шеңберге жиналып, «Бір сөзбен» әдісі арқылы өз ойларын қорытындылайды.

V. Кері байланыс. "Талқылау бойынша серіктестер" әдісі арқылы сабаққа кері байланыстарын стикерге жазу, серіктесімен талқылау.
Не оңай болды?
Не нәрсе қиын болды?
Не білгіңіз келеді?

VІ.Үйге тапсырма: Барлық оқушылар: Өлеңдегі негізгі түсініктер бойынша тірек сызба қрастырады.
Қабілеті жоғары оқушылар: «Ақын өлеңі маған қандай ой салды?» тақырыбында эссе жазады (40-50 сөз).
Администратор запретил публиковать записи гостям.
Время создания страницы: 0.203 секунд
Работает на Kunena форум