IT Community 2 - шаблон joomla Новости
Добро пожаловать, Гость
Логин: Пароль: Запомнить меня

ТЕМА: Қазақ тілі мұғалімдеріне арналған Distance квест

Қазақ тілі мұғалімдеріне арналған Distance квест 7 мес. 3 нед. назад #2313

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты 5-6 желтоқсан күні білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында мектептердің қазақ тілі мұғалімдерінің кәсіби қызметі шеңберіндегі пән бойынша білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын, мәселелерді шешу тәжірибесін тексеру, білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында жұмыс жасау үшін кәсіби құзыреттіліктерін арттыру мақсатында қазақ тілі мұғалімдеріне арналған облыстық Distance квест (олимпиада) өткізді.
Қашықтық ісшараға 550 адам қатысты, ол Қостанай облысының мұғалімдері болып табылады, сонымен қатар Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Ақмола, Жамбыл, Алматы, Маңғыстау, Павлодар облыстары мен Астана қ. мұғалімдері ісшараға қатысты.
Ісшара соңында барлық қатысушылар сертификат алып, тапсырманы толығымен орындаған мұғалімдер диплом алды.
Дипломдарды институт сайтынан жүктеп алуға болады.
Администратор запретил публиковать записи гостям.
Время создания страницы: 0.195 секунд
Работает на Kunena форум