IT Community 2 - шаблон joomla Новости
Добро пожаловать, Гость
Логин: Пароль: Запомнить меня

ТЕМА: Сынып жжетекшілерге арналған конкурс

Сынып жжетекшілерге арналған конкурс 2 года 1 нед. назад #1681

«Жүзден жүйрік» сынып жетекшілерге арналған
Республикалық сайысты өткізу туралы
ЕРЕЖЕЛЕР

«Жүзден жүйрік» Республикалық сайысты алдынғы қатардағы инновациялық тәжірибесі бар сынып жетекшілердің жұмысын дәріптеу мақсатында жүргізіледі.

1. Жалпы ережелер

1.1. Бұл ережелер сайысты ұйымдастыру мен өткізу тәртібін, оның қатысушылары мен ұсынылған материалдарға қойылатын талаптарды анықтап, бағалау критерийлері мен бағалау рәсімін реттейді; дипломанттар мен жеңімпаздарды анықтау тәртібін реттейді. Сайыс ережелеріне қатысты барлық құжаттар сайыстың ресми құжаттары болып саналады.
1.2. Ұйымдастырушы болып «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ болып табылады.
1.3. Сайысты ұйымдастырушы өкілдерінен құрылған ұйымдастырушы комитет эксперттік комиссияны құрып, қатысатын барлық үміткерлердің жұмысын үйлестіріп, жалпы басшылық жасайды.

2. Сайыстың мақсаты мен міндеттері
2.1. Мақсаты: «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру және қазақстандық патриотизмді арттыру мақсатында сынып жетекшілер оқу-тәрбие үрдісі шеңберінде үйлестіретін сыныптан тыс жұмысқа қатысты уәжін арттыру.

Міндеттер:
- оқушылар бойында қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу шеңберінде жүргізілетін шығармашылықпен жұмыс жасайтын сынып жетекшілердің инновациялық тәжірибесін тарату;
- оқушыларды отансүйгіштікке, құрметке, толеранттылыққа, өткен тарихы мен мұрасы мәселелер бойынша диапазонында кәсіби араласуды кеңейту.

3. Марафонның мәні мен мазмұны
3.1. Сайыстың мәні - патриотизмді дамыту шеңберінде жүргізілетін сынып жетекшілердің сыныптан тыс практикасы болып табылады.
3.2. Сайыс дистанционды түрде жүргізіледі. Сайысқа ұсынылған материалдар тәрбиелік бағытта жасалып, Қазақстан Республикасының Заңдары мен этикалық нормаларына қайшы келмеуі тиіс.
3.3. Марафонға ұсынылған материалдар авторлық болуы шарт.

4. Марафонды өткізу тәртібі мен мерзімі
4.1. Марафон екі кезеңде өткізіледі: біріншісі 2017 ж. қыркүйектің 05 мен 12 аралығында, екіншісі 2017 ж. 13 қыркүйектен бастап қыркүйектің 27 дейін. Сайыстың нәтижелерін шығару - 2017 ж. қыркүйектің 27 мен 29 аралығында
4.2. Сайысқа ұсынылған материалдардың экспертизасы 2017 жылы қыркүйектің 22 мен 27 аралығында жүргізіледі. Марафонның нәтижелері 2017 жылы қыркүйектің 27 мен 29 аралығында шығарылады.
4.3. Сайысқа қатысты өтінімдер мен материалдар Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электронды жәшігіне «тема» ұяшығында «Сынып жетекшілерге арналған сайыс» жазуы жазылып жіберілсін.
4.4. Марафонның қойылған шарттарына сәйкес келмейтін жұмыстар қарастыруға қабылданбайды, рецензияланбайды және қайта қайтарылмайды.
4.5. Сайыстың нәтижелері «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ сайтында жарияланады.
4.6. Өткізу тілі – казақша, орысша


5. Марафонға қатысушылар мен марапаттау рәсімі
5.1. Марафонға қатысқысы келетін сынып жетекшілер өз еркімен және және тең дәрежеде қатысады.
5.2. Сайыстың жеңімпаздары 1,2,3 дәрежелі дипломдармен мерапатталады, марафонға қатысушылар – қатысушының сертификатына ие болады.
5.3. Сертификаттар мен дипломдардың электронды нұсқасы қатысушының электронды поштасына салынады (өтінімде берілген).

6. Марафон материалдарына қойылатын талаптар
Марафонға қатысатын материал болып келесі құжаттар саналады:
- қатысуға өтінім (1 қосымша).
- оқушыларды патриотизмге тәрбиелеу шеңберінде жүргізген жұмыс Mikrosoft Word форматында педагог тәжірибесінің сипаттамасы;
- оқушыларды патриотизмге тәрбиелеу шеңберінде жүргізілгенін дәлелдейтін шығармашалақ жоба (тәрбие бағдарламасы, жүйе, жобалар, отырыстар, кітаптар, оқулықтар және т.б.) «Сынып жетекші қызметіндегі инновациялар».
- ұсынылған шығармашылық жобаға қатысты дәлелдеме (дәл сол аталған жоба, бейнематериал – 15 минуттан көп емес, фотоматериалдар, альманахтар, күнделіктер, жазылымдар, калейдоскоптар, коллаждар).
6.1. Сайысқа қатысатын материалдар бір папкаға жиналып, сол папка мұғалім аты-жөнімен, аймағының аталуымен аталады (мысалы, Иванова К.Т., ОҚО)
6.2. Сайысқа қатысатын электронды материалдың максималды көлемі - 300 Мб-тан көп емес.
6.3. Сайысқа қатысатын әр үміткер сыныптан тыс шаралар бойынша патриотизмге тәрбиелеу шеңберінде жүргізілетін бір іс-шараны ұсынуы тиісті. Ұжымдық өтінімдер қабылданбайды.
6.4. Қатысушылар марафонға қатысу бойынша сұрақтарды ұйымдастырушыларға 8-(714-2)-54-52-92 байланыс телефондары бойынша байланыса алады.

7. І кезеңді өткізу рәсімі:
7.1. Сайыстың 1 кезеңі 2017 ж. қыркүйектің 5 мен 12 аралығында жүргізіледі.
7.2. Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электронды жәшігіне сайысқа қатысатын үміткердің өтінімі жіберіледі (1 қосымша).
- оқушыларды оқушыларды патриотизмге тәрбиелеу шеңберінде жүргізілгенін дәлелдейтін шығармашалақ жоба (тәрбие бағдарламасы, жүйе, жобалар, отырыстар, кітаптар, оқулықтар және т.б.) «Сынып жетекші қызметіндегі инновациялар»;
- оқушыларды патриотизмге тәрбиелеу шеңберінде жүргізілген педагог жұмыс тәжірибесінің сипаттамасы (Mikrosoft Word форматында, көлемі 3 беттен кем емес).


8. ІІ кезеңді өткізу рәсімі:
8.1. II кезең 2017 ж. қыркүйектің 13 мен 27 аралығында жүргізіледі.
8.2. Аталған шығармашылық жобаға қатысты дәлелдемелерге жататын фотоматериалдар, альманахтар, күнделіктер, жазылымдар, калейдоскоптар, коллаждар Пролетарская 86, ББҮППҚ кафедрасына әкелінсін. Дәл сол аталған іс-шараның беәнематериалы – 15 минуттан артық емес - Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электронды жәшігіне жіберілсін.



9. Сайыс жеңімпаздарын анықтау мен марапаттау тәртібі
9.1. Барлық бағыттарға қатысты сайыс жеңімпаздарын анықтау мақсатында эксперттік комиссияның отырысы жүргізіледі.
9.2. Ұйымдастырушы комитет сайыс нәтижелері бойынша комментарийлер мен түсіндірме жүргізбейді. Сайыс нәтижелері бойынша аппелляцияға қатысты құжаттар қабылданбайды.

10. Сайыс материалдарын пайдалану
10.1. Сайыс жеңімпаздарының материалдары «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ сайтында орналасады.
10.2 Сайыс материалдарын білім беру процессінде міндетті түрде келесі шарттарды ескере отырып, пайдалануға болады: материалдар коммерциялық емес жағдайда пайдалану, оларды пайдаланған кез келген жағдайда жасаған автордың атына сілтеме жасау.

1 Қосымша
«Жүзден жүйрік» сайысына қатысуға өтінім
Тегі, аты, әкесінің аты (толық)
Сыныптан тыс іс-шараның тақырыбы
Сыныптан тыс іс-шараға қатысатын оқушылар жасы
Ұсынған білім беру мекемесі (мектеп, аудан, облыс)
Е-mail, телефон











2 Қосымша
Эксперттік комиссия мүшелері:
1. Туякова М.Т., ББҮППҚ кафедрасының м.а.
2. Худяков Р.В., АҚТ бастығы
3. Ибрагимов К.Т., ИДӘҚ бөлімінің бастығы
4. Турмагамбетова Ж.С., ББҮППҚ кафедрасының лаборанты
5. Нурмухамбетова А.С., ББҮППҚ кафедрасының оқытушысы



3 Қосымша
Бағалаудың жалпы критерийлері
• Аталған жұмыс түріне сәйкес рәсімделуі.
• Ұсынылған материалдар тақырыбы жағынан аяқталған, мазмұны толық, ауқымды.
• Ақпаратты қабылдау ыңғайлы, құрылымы тиянақты, логикалық жағынан тиянақты, шартты түрде қысқа, құрылымы жүйеленген. Педагог үшін алған ресурсты пайдалану бойынша ұсынымдар тиімді және қолжетімді.
• Нәтижелілігі мен практикалық маңыздылығы.
Вложения:
Администратор запретил публиковать записи гостям.
Время создания страницы: 0.215 секунд
Работает на Kunena форум