IT Community 2 - шаблон joomla Новости
Добро пожаловать, Гость
Логин: Пароль: Запомнить меня

ТЕМА: "Тарих: мәдениет пен өркениет"

"Тарих: мәдениет пен өркениет" 9 мес. 4 дн. назад #2254

«Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің №2 Қазанбасы орта мектебі» ММ





«Туған жердің тарихи және мәдени ескерткіштері» Эссе


Бастауыш сынып мұғалімі: Куанышева Д.А







Әулиекөл ауданы, №2
Қазанбасы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Куанышева Динара Адаевна

«Туған жердің тарихи және мәдени ескерткіштері» Эссе
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы – стратегиялық маңызға ие, жасампаз халқымыздың жарқын болашағын айқындайтын ой-толғам. Онда тарихи кезеңдерге сындарлы баға беріліп, қазақ елінің рухани даму бағыты айқындалған. Мемлекет басшысы қоғамның рухани жаңғыруына халықтың дәстүрі мен ұлттық мәдениеті негіз болуы тиіс екенін атап көрсетті. Мұндай бағытты ұстану кешегі күн мен бүгінді, бүгін мен ертеңді жалғастырады. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы тарихи-мәдени ескерткіштерді зерттеп, зерделеуге айрықша маңыз бергені белгілі. Еліміздің әр өңіріндегі мәдени орындары, даласы мен қаласы туралы тарихтан сыр шерткізетін «Туған жер» бағдарламасының маңызы зор. Жас ұрпақ, оқушылар олардың әрбірінен хабардар болуы тиіс деп есептеймін. Себебі, өз тарихына терең бойлай алған ұрпақ қана халқына адал, жауапкершілігі жоғары азамат болып өседі. Сондықтан, әрдайым оқушыларыма туған өлкеміздің тарихы, мәдениеті туралы айтып отырамын. Туған жерім Қостанай қаласында көптеген тарихи және мәдени ескерткіштер мен монументтер жеткілікті. Атап айтатын болсам, олардың ішінде Тың жерлерін игеруге арналған «Покорителям целины» Монументі, Азамат соғысы кезіңдегі оқиғалар куәсі «Красная стена» ескерткіші және тағы басқалары. «Тың игерушілерге» Монументі Тың жерлерін игеруге арналған архитектуралық монумент. 30-жылдық және тыңайған жерлер құрметіне Комсомол алаңында (Тың игеру алаңы) 1984 жылдың 13 қазаныңда «Покорителям целины» монументі ашылды. Монументтің бас мүсіншілері М.Б.Смирнов және А.П.Семенов. Ескерткіштің барлық элементтері саздан Москвада,содан кейін Минскде жасалды. Алаңда бетонды плиткалар төселген «Красная стена - Қызыл қабырға» ескерткіші– 1918-1919 жылдары қызыл әскерлерді, партия және кеңес қызметкерлері атылған жер. Тарихи-революциялық ескерткіш, Азамат соғысы кезіңдегі оқиғаның куәсі болып есептеледі.
Өлкемізден елі үшін қызмет еткен, өз жанын құрбан еткен талай біртуар тұлғалар шықты. Қазақ тілінің мәртебесін көтерген ұлт жанашыры Ахмет Байтұрсынов, ел тағдырын, тұрмыс-тіршілігін бейнелеген белгілі қаламгер Бейімбет Майлин, Әулиекөл ауданынан шыққан Ұлы Отан соғысының Батыры Сұлтан Баймағамбетов, И.Сьянов т.б. Ұлы тұлғалардың атындағы көшелер, ескерткіштер бой көтеріп, олардың есімдері, елеулі еңбектері мен ерен ерліктері халық жадында мәңгілік сақталады.
Ұлы ағартушы, ел болашағын ойлаған ұлағатты ұстаз Ыбырай Алтынсаринге арналған ескерткіші халқымыз үшін қымбат та қастерлі. Ұлы ұстаз, қазақ педагогикасының негізін қалаған даланың дара тұлғасы Ыбырай Алтынсариннің Қостанай облыстық мемориалдық мұражайы мәдени мұрамызға айналып, ұлы тұлғаның өмірі мен қызметіне қызыққан жандарға толы.
Қостанай қаласында Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы қарсаңында ұлттық рухты аспандататын Қобыланды батырға арналған ескерткіш ашылды. Батырдың қола мүсіні қаладағы тоғыз жолдың торабына қойылды. Тайбурылын тақымдап, көк сүңгілі найзасын қолға алған Қобыланды батыр қаладағы Герцен және Киев көшесінің қиылысында тас тұғырға орнатылды. Қобыланды батыр ескерткішінің авторлары - еліміздің танымал сәулетшілері Әбдікәрім мен Әбдімүтәліп Ахметовтер. Қос сәулетші Қобыланды батырдың өр тұлғасын, қайрат-қайсарын шынайы бейнелеп берген. Орта ғасырдағы Алтын Орда, Ноғай Ордасы дәуірінің аса көрнекті тұлғасына қойылған ескерткіштің ашылу салтанатына батырдың ұрпақтары да қатысты. Ескерткіштің ашылуы жас ұрпаққа ұлағат-өнеге, ұлттық рухтың тамаша көрінісі болды.
Қорытындылай келе еліміздің азаттығы, жеріміздің амандығы үшін күрескен батыр да дана бабалар ерлігін дәріптегенде ғана жас ұрпақты елдікке баулимыз деп ой түйемін. Тәуелсіздігіміз баянды, мәдениетіміз асқақ, Мәңгілік ел боламыз деп жарқын болашаққа үміт артамын.
Администратор запретил публиковать записи гостям.
Время создания страницы: 0.237 секунд
Работает на Kunena форум