IT Community 2 - шаблон joomla Новости
Добро пожаловать, Гость
Логин: Пароль: Запомнить меня

ТЕМА: баяндама

баяндама 1 год 5 мес. назад #2119

«САБАҚТЫ ЗЕРТТЕУ ӘДІСІНІҢ ТИІМДІЛІГІ»
Мауленова Галина Сапаргалиевна
Бастауыш сынып мұғалімі
Лисаков қаласы әкімдігі
білім бөлімінің «№3 орта мектебі»КММ


«Мектеп жүрегі-ұстаз» дегендей, жылдан жылға білім
жүйесінде болып жатқан өзгерістерді қабылдап, тәжіри-
беге енгізіп, заман ағымына қарай икемделе қызмет жа-
сауға әбден машықтанған мұғалімдер қауымы- мектептің
басты тірегі. Білімді де білікті маман-ұстаздар еңбегінің
арқасында Қазақстанымыз өркениетті елдер қатарына еніп
келе жатыр. Елбасымыз өзінің кезекті 2017 жылғы 31 қаңтардағы халыққа Жолдауында: «Қазақстан 2050 жылға қарай әлемдегі ең алдыңғы қатарлы 30 мемлекеттің қатарына қосылуға тиіс. Біз осы мақсатқа қарай табандылықпен ілгерілей береміз» деген еді. Мақсат, мүддеміз бір болған көпұлтты еліміздің мәртебесінің жоғарлауына білім саласының алатын жауапкершілігі басым. Сондықтан да ұстаздардың білімін арттыру мақсатында курстар жүргізіліп, оқытудың әдіс-тәсілдері жаңаша өріс алуда. Соның бір айғағы «Сабақты зертттеу» әдісі. Бұрын ұстаздар арасында ашық сабақ өтіліп, өзара тәжірибе алмасумен шектелінетін отырыстар болатын. Қазір қызықты әрі ізденіспен әдіс-тәсілдер үйренетін шебер сыныптар, коучингтер молайды.
Сабақты зерттеуді бастауыш сынып мұғалімдерінен құрылған шығармашылық топ 2016-2017 оқу жылында қолға алдық. Бұл топта 5 мұғалім болды. Алғашқы отырыста өзіміздің жылдық жоспарымызды жасап, бекітуге ұсындық. Бұл жоспарда «Оқу пәндерін оқытуда сын тұрғысынан ойлау әдісін қолданудың тиімділігін анықтау» тақырыбында үш сатылық сабақтар мен кері байланыстар қарастырылды. Мақсаты: мұғалімдердің оқу пәндерін жүргізуде оқушыларға сын тұрғысынан ойлау үшін қолданатын әдістердің тиімді жақтарын бақылай алу дағдыларын қалыптастыру. Және жыл соңында мектептің әдістемелік кеңесінде нәтижеміз байқау ретінде қаралатын болғандықтан қосымша материалдар жинақталыну керектігін ескердік, әр мұғалім өздеріне тиісті тапсырмалар алды.
Сабақты зерттеудің 3 түрі бары белгілі. Ойласа келе, осы үш түрді үш жыл бойы зерделемекші болдық. Біз 2016-2017 оқу жылында мұғалімдердің бақылау дағдыларын дамытатын болсақ, 2017-2018 жылы оқыту дағдыларын зерделеуді жоспарладық. 2018-2019 оқу жылына біріңғай тақырыпқа байланысты зерттеу түрін алдық.
Алдымен, өзіміздің нені, қалай зерделеуіміз керектігіне назар аударудың маңызы зор. Егер бақылау әдісін меңгерсек, одан әрі сыныпты, оқушыны, әдістің тиімділігін зерделеу оңайға түсері анық.
Бірлесе отырып зерттеу критерийлерін анықтап, әр сыныптың сабағын жоспарлауға, сынап көретін СТО әдістерінің сабақтың қандай бөлігінде қалайша көрініс табатындығын таңдауға көмектестік. Әр сабақтан кейін кері байланыс алынып, келесі сабаққа түзету жүргізіліп отырды. Мұның жетістіктері көп болды. Бірімізде қиындық тудырған әдістер, басқамызда оң нәтиже көрсетіп жатты. Оқушылар да сабаққа белсене араласып, сыныптың үлгерімі жақсара түскені анықталды. Әр сабаққа кірер алдында А,В,С деңгейіндегі оқушыларға жеке бақылау парағы жүргізілді, олардың білімдерінің өсу сатысы реттелініп отырды. Үш этаппен жүргізілген СЗ түрі оқушылардың пәнге деген қызығушылық белсенділіктерін арттырып қана қоймай өз беттерінше ізденуге, табыс критерийіне жетуге машықтандырады.
Сын тұрғысынан ойлау әдісі көрініс тапқан
зерттеу сабақтары мұғалім үшін де, оқушы
үшін де тиімді болды. Мұғалімдер шығар-
машылығы жаңа әдісті әр пәнге, әр сыныпқа
ұсына отырып, оның жетістіктері мен
қиыншылықтарын саралап отырдық. Яғни,
бұл жерде жас ерекшеліктеріне байланысты
әдісті дұрыс таңдау және жүйелі жоспарлау
керектігіне толық көз жеткіздік.
Озық ақыл мен ұшқыр ойлы шәкірт тәрбие
леу әр ұстаздың арманы. Арманшыл ұстаз-мақсатшыл. Біздің шығармашылық топ 2016-2017 оқу жылында мектепішілік әдістемелік байқауда жүлделі І орынды иеленді. Сабақты зерттеу барысында кездескен кедергілерді жоя отырып, табысты нәтижелерге қол жеткіздік. Оны арнайы бейнежазба, презентация, буклет, дайджест пен электронды жинақтар арқылы дәлелдеп шықтық.
Биылғы, 2017-2018 оқу жылында оқыту дағдыларын зерттеудеміз. Түрлі тәсілдердің қолданылу әдісі мен тиімділігі қарастырылуды. «Бірлесе көтерген жүк жеңіл» демей ме қазақ, расында, әріптестермен біріге отырып жоспар құру, мақсатқа бірге талаптану, бірлесе шешім қабылдау жалпы оқыту үрдісіне оң нәтиже береді. Осы бағытпен ынтымақтаса жұмыс жасасақ, мұғалім үшін де, шәкірттеріміз үшін де ортақ мүдделі іс атқаратынымыз анық.
Вложения:
Администратор запретил публиковать записи гостям.
Время создания страницы: 0.196 секунд
Работает на Kunena форум