IT Community 2 - шаблон joomla Новости
Добро пожаловать, Гость
Логин: Пароль: Запомнить меня

ТЕМА: жаңартылған білім мазмұны

жаңартылған білім мазмұны 1 год 6 мес. назад #1960

Жаңартылған білім мазмұны бойынша сабақты тиімді жоспарлау.
Администратор запретил публиковать записи гостям.

жаңартылған білім мазмұны 1 год 6 мес. назад #1961

Ортақ тақырып: Саяхат
Бөлім: Алгебра элементтері
Ойлау дағдыларының түсіну: қолдану
Бөлімше: 2.1 Санды және әріпті өрнектер
Оқу мақсаты: 1.2.1.1 санды және әріпті өрнектерді (қосынды, айырма)/ теңдік, теңсіздіктерді ажырату, құрастыру, жазу және оқу
Бағалау критерийлері:
• Теңдеу, өрнек, әріпті өрнектерді бір-бірінен ажырата алады.
• Сандық өрнек пен әріпті өрнекті салыстыра алады.
• Белгісіз санды таба алады.
• Теңдеуді шығара алады.

Тапсырма. Күлшеқызға балға бару үшін көмектес. Берілген өрнектерден теңдеуді қорша және оны шығар.
х+20=60 72-2= a+b c-40=10


Дискриптор:
1) Өрнектерден теңдеулерді табады.
2) Теңдеулерді шығарады.
3) Белгісіз санды табады.
4) Теңдеудің шешуін жазады.


2. Теңдеуді қызыл түспен, теңдікті сары түспен, теңсіздікті жасыл түспен боя.

Бағалау критерийі:
Теңдік, теңсіздік, теңдеудің айырмашылықтарын айтады және айырмашылықтарын айыра алады.




Дискриптор:
1) Теңдеуді қызыл түспен бояйды.
2) Теңдікті сары түспен бояйды.
3) Теңсіздікті жасыл түспен бояйды.
Вложения:
Администратор запретил публиковать записи гостям.

жаңартылған білім мазмұны 1 год 6 мес. назад #1962

Білім беру мазмұнын жаңарту білім берудің қазіргі заманғы үрдістерін және қазақстандық білім берудің үздік практикасын кіріктіруге бағытталған. Білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде оқу бағдарламаларын әзірлеу кезінде қазақстандық педагог-практиктердің және ғалымдардың ұсыныстары ескеріліп жасалды.

Бастауыш білім беру мақсаты — келесі негізгі кең ауқымды дағдыларға:

білімдерді функционалдық және шығармашылық қолдану;

сыни ойлау;

зерттеу жұмыстарын жүргізу;

ақпараттық-коммуникативтік дағдыларды пайдалану;

әр түрлі коммуникация тәсілдерін пайдалану;

топта және жеке жұмыс істеу ептілігі;

проблемаларды шешу және шешімдер қабылдауға

ие оқушы тұлғасының үйлесімді қалыптасуы мен дамуы үшін қолайлы білім беру кеңістігін құру.

Педагогикалық әдіс-тәсілдер

құндылықты-бағдарланған;

әрекетті;

тұлғалық-бағдарланған;

кіріктірілмелі;

коммуникативті

әдіс-тәсілдер пән бойынша оқу бағдарламаларының құрылымы мен мазмұнын құрудағы негізгі бағдарлар болып табылады.
Администратор запретил публиковать записи гостям.
Время создания страницы: 0.211 секунд
Работает на Kunena форум