IT Community 2 - шаблон joomla Новости
Добро пожаловать, Гость
Логин: Пароль: Запомнить меня

ТЕМА: бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған тест

бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған тест 2 года 6 мес. назад #1287

Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған тест сұрақтары

1. Мұғалім бір сабақта қанша жаттығу түрлерін қамти алады?
а) 1;
в) 4,5 не одан да көп;
с) 2;
d) 3.
2. Мұғалімдер оқушыларға бағытталған және дәлелдерді құру мен талдауға арналған рөлдік модельдер ретінде нені қолданады?
а) қорытындылап;
в) әрекет ететін оқыту тәсілдерін;
с) білімдерін бағалап;
d) бағыттап.
3. Оқушылар өздерінің алған білімдерін қолдана алуы және білімдердің қалай алынғанын не істеуі тиіс?
а) мүмкіндік беруі;
в) проблемаларды шешуді;
с) талдай білуі;
d) әсерде.
4. Сындарлы оқыту тәсілдері білім берудің «дәстүрлі» әдістерімен салыстырғанда, оқыту кезінде неге қол жеткізуге мүмкіндік береді (Hattie, 2011)?
а) жоғары нәтижелерге;
в) талдай білуге;
с) сын тұрғысынан ойлауға;
d) жоспарлауға.
5. Жаттығуларды оқушылардың мүдделері негізінде жоспарлау «оқушылар туралы хабардарлықтың негізінде оқытуға» түрткі болатындықтан қай әрекетті қолдануға жол ашады?.
а) өз бетінше әрекетті;
в) критериалды бағалауды;
с) саралауды;
d) оқу мақсаттарын.
6. Бастауыш сыныпта мұғалімнің рөлі оқушылардың үлгерімін қадағалап, есепке ала отырып, олар үшін қандай рөлді орындауға негізделеді (Hattie, 2009)?
а) «белсенділендіргіш»;
в) педагогикалық тәсілдер;
с) жақсы нәтижелерге қол жеткізу;
d) танымдық өзгерістер.
7. Белсенді оқу оқушылардың белсенді қызметпен айналысу арқылы нені көздейді?
а) мұғалім берген ақпараттың мәнін ұғынуды;
в) алған білімдерін есте сақтауды;
с) алған білімдерін қолдана алуын қамтамасыз етуді;
d) аталғандардың барлығын.
8. Қай көзқарас заттарды абсолюттік материя ретінде түсінеді де, бұған дейін алынған білімнің негізінде қалыптасады?
а) Зерттеу;
в) Дәлелдеу;
с) Монологтік;
d) Диалогтық.
9. Зерттеуге негізделген оқу барысында оқушылар қалай белсенді рөл атқарады (Goos, 2004)?
а) кейде мұғалімнің көмегімен, идеяларды түсіндірумен;
в) талқылау, қарсы шығумен;
с) өз ойларын қайта қарау арқылы, пікірталасқа араласып;
d) жауаптардың барлығы дұрыс.
10. Қай ғалымның дәлелдеудің үлгісі мен күрделілігін сипаттау жөніндегі (1958) жұмысы зерттеуге негізделген оқуды пайдалануды бағамдауға ықпал етті ?
а) Е.Аронсонның;
в) Д.Бриджменнің;
с) Толминнің;
d) Л.Выготскийдің.
11. Қай көзқарас білімді оқу барысында жүретін үдеріс ретінде, дәлелдеу барысында, яғни пікірталас пен келіссөз барысында қалыптасатын білім ретінде қарастырады?
а) Талқылау;
в) Бағамдау;
с) Монологтік;
d) Диалогтік.
12. Нақты белгілі бір дағдыны жақсарту тәсілдерінің бірі – оған ерекше назару, сосын бірнеше тілдік дағдыны қамтитын қай жұмысты біртіндеп енгізу болып табылады?
а) жаттығуларды;
в) әңгімені тыңдауды;
с) сұхбаттасуды;
d) мазмұнын айтуды.
13. «Әлеуметтік ықпалдастырылған зерттеу моделі» қанша зерттеу кезеңін қамтиды?
а) 4;
в) 5;
с) 6;
d) 7;
14. Ғылыми әдебиетте зерттеуге негізделген оқыту мен оқуға арналған негізгі тәсілдер –
а) Құрылымдалған, мұғалімнің жетекшілігімен, ашық зерттеу;
в) Топтық, жұптық, жеке зерттеу;
с) Алгоритмдерді пайдалану арқылы зерттеу;
d) Түсіндіру және дәлел келтіру, тақырыпты зерттеу.
15. Бастауыш сынып оқушыларының негізгі мақсаты –
а) ғылыми-зерттеу дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік ұсыну;
в) мұғалімнің жетекшілігімін жүретін оқылым;
с) жоғары деңгейлі ойлау дағдыларын дамытуды көздейтін ашық зерттеуді табысты орындау;
d) кез келген қабылданатын ақпаратқа сын тұрғысынан қарап, талдай білу дағдысын дамыту;
16. Қандай бағалау оқушылардың оқуда жетістіктерге жетуіне және алға ілгерілеуіне тікелей ықпал ететін және оқушы мен мұғалімнің арасындағы кері байланысты қамтамасыз ететін оқыту мен оқудың бөлінбейтін құрамдас бөлігі болып табылады.
а) Ішкі жиынтық бағалау;
в) Қалыптастырушы бағалау;
с) Критериалды бағалау;
d) Жиынтық бағалау.
17. Бастауыш сыныптарда оқытылатын пәндерді оқу арқылы оқушы өз бойында нені қалыптастырады, қай әрекеттерге дағдыланады?
а) өзіндік көзқарасы мен пайымдауын;
в) даму дағдылары, мұқият зерделеуге;
с) өз ойын сенімді айта білуге;
d) барлық жауап дұрыс.
18. Мұғалімдер қойған бағаның сенімділігі мен дәлелділігін арттыру мақсатында не қолданылады?
а) қарым-қатынас;
в) модерация;
с) оқу мақсаты;
d) бағдарлама.
19. Оқу бағдарламасына сәйкес белгілі бір пән аясында оқытылатын оқушылардан күтілетін білім, дағдылар, түсінік және біліктерін көрсететін тұжырым: мұғалім оқушыларға үйреткісі келетін нәрсе - .
а) оқу мақсаты;
в) оқу жоспары;
с) оқу бағдарламасы;
d) саралап оқыту.
20. Жаңартылған білім беру бағдарламасы нені көздейді?
а) оқушылардың бір-бірімен диалог жүргізуге ынталандыруды;
в) оқыту мен оқуға сындарлы көзқарасты қолдайды;
с) оқушыларды мұғаліммен диалог жүргізуге ынталандыруды көздейді.
d) барлық жауап дұрыс.
21. Критериалды бағалау моделі оқушылардың оқу мақсаттарына жетудегі ілгерілеуін анықтау үшін қосымша тәсілдерді пайдаланады?
а) жаттығулар үшін;
в) өз бетінше әрекет үшін;
с) таңдамалы түрде;
d) ілгерілеуін анықтау үшін.
22. Поляның тұжырымдауынша, проблемаларды шешу – бұл:
а) шынайы проблемамен айналысу; мәселе туралы болжам жасау;
в) зерттеу және мағынасын түсіну; рәсімді есте сақтау, шешім іздеу;
с) формулаларды есте сақтау, үлгілерді зерттеу; жаттығуларды орындау, жорамалдар жасау;
d) аталғандардың барлығы.
23. Осы ойлау дағдыларын қалыптастырудың ең басты тәсілдерінің бірі –
а) анықтау;
в) өзектілік;
с) дәлелдеу;
d) ойлау;
24. Сыртқы уәжді арттыруға арналған тәсілдер бихевиористік қағидаттарға негізделетінін ұсынған ғалым?
а) Е.Аронсон;
в) Б.Ф. Скиннер;
с) Д.Бриджмен;
d) Толмин;
25. Қандай жаттығулар оқушыларға таныс емес мәселелерді қамту арқылы олардың қызығушылығын оятып, оларды жаңалық ашуға және өз тұжырымдарын жасауға ынталандыруы тиіс?
а) Белсенді оқуға арналған;
в) Проблемаларды шешуге арналған;
с) Тиімді оқу мен оқытуға;
d) Сыни ойлауға арналған.
Вложения:
Администратор запретил публиковать записи гостям.
Время создания страницы: 0.213 секунд
Работает на Kunena форум